Қостанайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пиротехникалық заттар сатылған

509

Қостанайда пиротехникалық заттардың заңсыз айналымына байланысты 2 дерек анықталды, деп жазады inbusiness.kz "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап. 

Қостанайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пиротехникалық заттар сатылған Фото: top-news.kz

Аталмыш деректер облыс орталығындағы базарларда тіркелген. Қостанай облысының тәртіп сақшылары мен ТЖД қызметкерлері "Пиротехника"  жедел-алдын алу шарасы аясында сатушының біреуінде рұқсат құжаттары жоқ екенін анықтады.

Ал, екінші құқық бұзушылық бойынша сатушы жарамдылық мерзімі 2-3 жыл бұрын өтіп кеткен пиротехниканы сатумен айналысқан. Әр кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша 25 АЕК (79 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қостанай қаласы бойынша азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Елена Семиволованың сөзінше, жаарамдылық мерзімі өтіп кеткен пиротехникалық тауарларды пайдалану өте қауіпті.

"Отшашуларды сатып алғанда оның жарамдылық мерзіміне, орамының тұтастығына назар аудару қажет. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін ескерген жөн", - деп атап өтті полиция полковнигі.

Мерзімі өткен тауар істің мән-жайы анықталғанға дейін тәркіленді.

Айта кету керек, Қостанай облысында 3 күн ішінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 12 фактісі анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу