Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады

474

Қазір ол жансақтау бөлімінде. 

Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады Фото: zakon.kz

13 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады, деп жазады inbusiness.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Игорь Белобржицкий Alau.kz басылымына.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу