Қостанайда жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысты

454

Жедел жәрдем бригадасы инфарктпен ауыратын науқасты ауруханаға апара жатқан.

Қостанайда жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысты Фото: видеодан скриншот

Қостанайда автокөлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысты, деп жазады Inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, жол-көлік оқиғасы 18 мамыр күні Абай даңғылы мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысында болған.

“65 жастағы "ВАЗ" жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермеген”, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы жедел миокард инфарктісі бар 69 жастағы науқасты облыстық ауруханаға апара жатқан.

“Бұл – бірінші жеделділік санатындағы шақырту. Зардап шеккендер жоқ. Басқа жедел жәрдем бригадасы науқасты ауруханаға жеткізді”, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

"ВАЗ" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу шешімін мамандандырылған сот қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу