Қостанайда жеңіл ұшақтар құрастырылады

826

Өндірілетін кемелердің 55% - дан астамы Индонезияға, Филиппинге, Аргентинаға жеткізіледі деп жоспарлануда.  

Қостанайда жеңіл ұшақтар құрастырылады

Қазақстанда Ил-103М және Бе-103М көпмақсатты жеңіл ұшағы, сондай-ақ таяумагистральді Бе-132 ұшақтары шығарылмақ, деп хабарлайды LS

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі зауыт құрылысын 2019 жылдың IV тоқсанында бастауды жоспарлап отыр. 

"Қазақстан авиациялық зауыты бұл ұшақтарды Бериев атындағы Таганрог авиациялық ғылыми-техникалық кешенімен және Ильюшин атындағы авиациялық кешенмен бірлесіп шығармақ, жобаға жекелеген инвестициялар тартылады. Сондай-ақ бұл толық циклді өндіріс болмақ (дәнекерлеу, бояу, құрастыру және қызмет көрсететін сервистік құрамдас бөліктерді шығару бойынша кәсіпорындар кешені) болады", – деп түсіндірді ведомстводан.

Зауыттың бірінші кезеңі 2020 жылы басталса, 2021 жылы толық іске қосылады. Жоба бойынша жылына 35 Ил-103М әуе борты және 20 Бе-103М ұшағы шығарылады. Өндірілетін кемелердің 55% - дан астамы Индонезияға, Филиппинге, Аргентинаға жеткізіледі деп жоспарлануда. .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу