Қостанайда жоғалған әйелдің денесі табылды

370

58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен.

Қостанайда жоғалған әйелдің денесі табылды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, әйелдің жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінген. ІІМқызметкерлері Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҚР ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті.  

ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу