Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды

205

26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды Фото: polisia.kz

Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.

Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған.

Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды.

Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу