Ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасаған. Полиция жол белгілерін бұзған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
- Жол қозғалысын ұйымдастыруға осылай өз бетінше әрекет жасау ЖКО-ның орын алуына әкелуі мүмкін. Салдарынан азаматтарға айтарлықтай материалдық шығын келтіріледі немесе денсаулығына және адамның өліміне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерді полиция қатаң түрде тоқтатып, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартады, - деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу