Қостанайда жол жұмысшысын автобус қағып кетті

465

Қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  

Қостанайда жол жұмысшысын автобус қағып кетті Фото: top-news.kz

Қостанай қаласында коммуналдық қызмет жұмысшысын автобус қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 9 ақпан күні қаладағы аялдамалардың бірінің жанында болған. №38 бағыттағы қоғамдық көлік жол жиегінде жұмыс істеп жүрген 1965 жылы туған әйелді қағып кетті.

"Әйел жарақат пунктіне жеткізілді. Дәрігерлер оған амбулаториялық ем тағайындады", - деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу