Қостанайда жолаушы тасымалдаушылар жолақысын екі есеге көтермекші

972

Қостанайда жолаушы тасымалдаушылар жолақысын екі есеге көтермекші

Қостанайда қаңтарда  қоғамдық көлікте жол жүру құны да көтерілмекші. Көлік кәсіпорындарының өтініші қалалық әкімдіктің қарауында жатыр, деп жазады alau.kz.

"Жолаушы тасымалдаушылар автобустардағы жолақы тарифін 100 теңгеге дейін көтеру туралы өтініш берді. Бүгінгі күні өтініш қаралып жатыр. Бір ай көлемінде жауап дайын болады деп ойлаймын", – дейді  Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушы көлігі және көлік жолы бөлімінің инспекторы Станислав Добанский.

Қолданыстағы заңға сәйкес, өтініш бір ай ішінде қаралуға тиіс.

Тасымалдаушылардың уәжі бойынша, 100 теңге тариф – кәсіпорын үшін ең төменгі баға. Автобус парктері басшыларының ойынша,  Қостанайда жолақысы  адам басына 120-150 теңгені құрауға тиіс бағдарлар да бар көрінеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу