Қостанайда жылу өшірілді

465

Жылыту маусымы 25 сәуірде аяқталады.

Қостанайда жылу өшірілді Фото: Gov.kz

Қостанайда ауаның орташа тәуліктік температурасы 10 градустан төмен болмауына байланысты жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылғы 25 сәуірде әкімдіктің қаулысымен Қостанай қаласында жылу беру маусымы аяқталды", деп хабарлады "Қостанай жылу энергетика" кәсіпорны.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, қалада ауа температурасының бірқалыпты тұрақтануына байланысты жылыту маусымы аяқталады", делінген хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу