Қостанайда жылу, су құбырларының жарылуы жиіледі

506

Қостанайда соңғы кездері су, жылу құбырларының жарылуы жиіледі. Жылу маусымы басталғалы бері тоңып отырған тұрғындардан 700-ден астам шағым түскен. 

Қостанайда жылу, су құбырларының жарылуы жиіледі

Соңғы екі күнде 3 жерде суық су құбырлары жарылды. 30 градус аязда, магистральдан атқылаған салқын су жеке сектордағы үйлерді шайып өткен. 

Бүгін түнде осы көше бойында диаметрі 30 сантиметр су құбыры жарылды Жеке сектордағы 2 үйдің ішіне, 5 баспананың ауласына су кірген. Жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мына маңдағы көп қабатты үйлер әлі салқын сусыз отыр.

Қалалық әкімдік жәбірленушілер көмексіз қалмайды деп сендірді.

"Бүлінген дүние-мүліктің бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Шығын есептелген соң,  заң аясында төлемақы өтеледі", дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов. 

Соңғы 2 күнде 50 жыл бұрын тартылған, суық судың шойын құбырлары жарылды. Жылу трассалары да жиі тесіліп, коммуналдық қызмет жұмысшыларын әбігерге салуда.

"Бізде апатты жағдай болған жоқ, құбырлар ғана жарылып жатыр. Жылу жүйелерінің 65 пайызының тозығы жеткен. Жалпы алғанда 75 пайызы қанағаттанарлық жағдайда", дейді "Қостанай ЖЭК" бас инженерінің орынбасары Нұрлан Көшеков. 

Ескі құбырлармен қоса, 10 жыл бұрын салынған жылу құбыры да осы қыста екі рет жарылды. Жер асты суларынан тот басып, темір шіріп жатыр. Мұнда полиэтиленмен оралған құбырлар төсеуге 1 млрд теңге қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу