Қостанай прокуратурасы жергілікті коммуналдық ұйымдардың жылу мен электр энергиясы тарифінің өсіргенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанай прокуратурасы 1 қыркүйектен бастап жарық және жылу жүйесінің тарифін төмендетті. Аталған ведомство коммуналдық ұйымдарда тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыздықтарды анықтады.
"Мәселен, Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы жылу тарифіне құрылғыларға жұмсалатын шығындар мен жөндеу жұмыстарына кеткен қаражатты негізсіз қосып жіберген. Сонымен қатар "Қостанай энергоорталығы" электр энергиясын беру шығындарын заңсыз өсірген", - дейді прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.
Прокуратура тексерісінен кейін жылу тарифі 1 Гкалға 6844,13 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл бұрынғыдан 12 теңгеге аз. Сондай-ақ 300-ге жуық абоненттің жарық жүйесіне төленген қаржысы қайта есептелді. Енді қостанайлықтар электр энергиясының 1 киловатына 18 теңге төлейді.