Қостанайда жылу желілерінде болған апат салдарын жою жалғасып жатыр

565

Қаладағы 30 көп қабатты тұрғын үй жыл желілеріндеі апат салдарынан жылу және сусыз отыр.  

Қостанайда жылу желілерінде болған апат салдарын жою жалғасып жатыр Фото: kt.kz

 

Ikomek қызметінің хабарлауынша 6 қаңтар таңғы сағат 9.00-ден бастап, "Аэропорт" ықшам ауданы аумағында жылу құбырларындағы ойықтарды жою бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Күні кеше магистральдық жылу жүйесінен ақау шыққанын жазған болатынбыз.

Осыған байланысты 30 көп қабатты тұрғын үй немесе 2201 абонентте жылу уақытша өшірілді. Ақпаратқа сәйкес, тұрғындарға жұмыс күнінің соңына дейін жылу беріледі. Сонымен қатар, осы учаскеде жылу желілерін қайта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін жылу жүйесіндегі апат 5 желтоқсан күні де болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу