Бүгін Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"25 сәуірдегі Қостанай қаласы әкімдігінің №718 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бұл шешім орташа тәуліктік температураның (+10°С төмен емес) тұрақталуына байланысты қабылданды", - делінген Қостанай жылу энергетикалық компанияның мәліметінде.
Сонымен бірге алдағы 1-2 күнде елордада жылыту маусымы аяқталуы мүмкін.
"Алдағы 1-2 күнде ресми ақпарат шығады. Ережеге сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталса, онда жылыту маусымы аяқталады", - деп мәлім етті Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу