Қостанайдағы "VEK" лифт зауыты жұмысын тоқтатты

577

Қостанайдағы "VEK" лифт зауыты жұмысын тоқтатты

Қостанайдағы индустриялық аймақта құрылысы басталған лифт зауыты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мәлім етілді, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

Қостанай облысының өндірістік ахуалын жақсарту үшін ашылған нысандардың ең әлеуеттісі – индустриялық аймақ. Мұнда қазір бірнеше кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Бұған жақында "Кировец" тракторын құрастыратын зауыт қосылмақ.

Индустриялық аймақта құрылысы басталған "VEK" лифт зауыты жұмысын тоқтатты. Аталған компания биыл лифт шығару жұмысын бастауға тиіс болатын. Бірақ, Екатеринбург қаласының мамандары индустриялық аймақтан кетіп қалды. Басты себебі ретінде қаржылық айналымның жетіспеушілігін алға тартты.

"Енді бұл компанияның орнына тағы бір ресейлік зауыт келеді. Олар "Кировец" тракторын құрастырады", — деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ресейлік компанияның жобасын құптап, Индустриялық аймақтан  жер учаскесі берілетінін жеткізді. Ресейліктер "Кировец" тракторын Минск трактор зауытымен бірігіп құрастырмақ. Қазіргі жоспарға сәйкес жылына 3 мың трактор сатылымға шығаралады.

Жалпы, бүгінде облыс аумағында индустрияландыру бағдарламасы аясында 11 жоба қолға алынып жатыр. Олар түгелдей іске қосылғанда 4 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу