Қостанай облыстық ТЖД мәліметінше, 16 қазан күні сағат 12.30 шамасында №4 балабақшасында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz www.ng.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, балабақша әкімшілігі үй-жайда түтін шыққанын көріп, өрт сөндіру қызметін шақырған.
Құтқарушылар келгенге дейін балабақшадан 18 адам мен 30 бала өз бетінше эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12.34-те жеткен. Олар тағы 121 бала мен 14 қызметкерді эвакуациялады.
Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жау сағат 12.57-де жойылды. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 41 адамы және 8 бірлік техника қатысты.
Бүгінгі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу