Қостанайдағы балалар үйі жабылады

1726

Қостанайдағы балалар үйі жабылады

Биыл Қостанайдағы облыстық балалар үйі жабылады, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті басшылық осындай шешім қабылдап отыр. Себебі мекемелердегі тәрбиеленушілер саны жыл сайын азайып келеді. Соңғы бес жылда 366 бүлдіршінді патронат отбасылар асырап алса, 800-ге тарта бала өз ата-анасымен қауышқан.
Қостанай облысы бойынша әлеуметтік қорғауға алынған 700-ге тарта бүлдіршін бар. Олар 9 мекемеде тәрбиеленеді. Солардың бірі – отбасылық үлгідегі "Жанұя" балалар үйі. Былтыр мұндағы тәрбиеленушілер саны да 12 балаға кеміген.
2017 жылы Федоров ауданындағы бір нысан бала саны толмағандықтан жабылған болатын. Енді облыстық балалар үйі де жұмысын тоқтатпақ. Себебі үш қабатты алып ғимаратта небәрі 52 бүлдіршін ғана қалған.
Ал босап қалған мекеме ғимаратын мамандандырылған ІТ-технология мектебіне айналдыру жоспарланып отыр. Онда үш жүзге тарта дарынды оқушы білім алатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу