Қостанайдағы дәмханада астыртын казино анықталды

554

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінен астыртын покер клубының қызметін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдағы дәмханада астыртын казино анықталды

"Заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда "Покер" ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды. Сот үкімімен астыртын покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу