Қостанайдағы фирмаға ит атқаны үшін айыппұл салынды

384

Заңды тұлға 103,5 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Қостанайдағы фирмаға ит атқаны үшін айыппұл салынды Фото: www.ng.kz

Қостанай облысының полиция қызметкерлері Ұзынкөл ауданында итке оқ атқан ер адамның жеке басын анықтады, деп жазады inbusiness.kz www.ng.kz порталына сілтеме жасап.

Белгісіз ер адамдар итті атып өлтіріп, кейіннен көлікке мініп кетіп қалады. Оқиғаны куәгер әйел адам камераға түсіріп алған.

Белгілі болғандай, итке оқ атқан ер адам жануарларды аулау бойынша жеке фирмалардың бірінде жұмыс істейді.

"Фирмаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды (ҚР жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу). 30 АЕК немесе 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу