Қостанайдағы қарақшылық оқиғасы: төрт автокөлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады

273

Олар жол ережесін өрескел бұзған.      

Қостанайдағы қарақшылық оқиғасы: төрт автокөлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады Фото: Бейнеден/Polisia.kz

Қостанайда қарақшылық жасаған күдіктіні іздеу жұмыстары барысында полицейлердің көліктерді тексеру кезінде жол ережесін бұзған төрт автокөлік иесі жүргізуші куәлігінен айырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы жоспарға қарамастан, полиция автокөлікті тексерген кезде бірнеше жүргізуші жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.

"Мысалы, 44 жастағы Toyota Land Cruiser жүргізушісі өз кезегін күтпей, Тәуелсіздік көшесіндегі көпірден соң қарсы бағытқа шыққан. Енді 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады",  - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің бірінде қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны иемденіп, қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда отыр. Жасаған қылмысы үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу