Қостанайдағы орман өрті табиғи өрт емес – Юрий Ильин

558

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысында өрттің пайда болуының нақты себептері анықталып жатқанын айтты.

Қостанайдағы орман өрті табиғи өрт емес – Юрий Ильин

Министрдің сөзінше, орман өртіне табиғи фактор себеп болмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір прокуратура қылмыстық істі бірнеше бап бойынша тергеуде. Мысалы, абайсыздық, қасақана өртеу. Тергеу шаралары барысында нақты кінәлілер анықталатын болады. Ешқандай снаряд, атыс болған жоқ", – деді Ильин.

Оның айтуынша, адам факторы жоққа шығарылмайды, бірақ табиғи фактор қарастырылмайды.

"Қазгидрометтің хабарлауынша, бұл ауданда найзағай, құрғақ найзағай болған жоқ. Нұсқалардың бірі – адам факторы. Себептерді тергеу анықтайды", – деп қорытындылады Ильин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу