Қостанайдағы өрт: Данияр Абулгазин "Қайырымдылық KZ" қорына 50 млн теңге аударды

2281

"Қайырымдылық KZ" ҚҚ реквизиттері: БСН 220640046689;    ЖСК KZ82601 A22100 1568 401;  "Қазақстан Халық банкі" АҚ БСК HSBKKZKX;  Кбе 18.

Қостанайдағы өрт: Данияр Абулгазин "Қайырымдылық KZ" қорына 50 млн теңге аударды

Қазақстандықтар Қостанай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсеніп кіріскен. Төтеннен келген апат ешкімді бей-жай қалдырмады. Еліміздің мыңдаған азаматтары: кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың құрамында өрттен зардап шеккендерге көмек жинауға ерікті түрде атсалысып жатыр.

Қажетті заттарды, ең керек өнімдерді, ақшалай қаражатты жинау жөніндегі жедел штабтар республикалық маңызы бар қалаларда және елдің барлық өңірінде құрылған.

Қостанай облысының әкімдігі хабарлағандай, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін түскен барлық қаражатты тиімді және әділ бөлу үшін "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қоры белгіленді.

"Қайырымдылық KZ" ҚҚ реквизиттері:
БСН 220640046689   
ЖСК KZ82601 A22100 1568 401   
"Қазақстан Халық банкі" АҚ БСК HSBKKZKX   
Кбе 18

Екінші деңгейдегі банктердің бірқатары апаттан зардап шеккен отбасы мүшелерінің  несиелерін есептен шығарғаны белгілі. Бұдан басқа, ЕДБ қаржылық көмек көрсетеді.

Көптеген еңбек ұжымы бір күндік жалақыларын зардап шеккендердің қорына аударды. Қазақстандық бизнес өкілдері де бей-жай қалмады. Кәсіпкер Данияр Абулгазиннің жеке қаражатынан "Қайырымдылық KZ" қорына 50 млн теңге сомасында қаржылай көмек аударылғаны белгілі болды.

Өрт сөндірушілер Қостанай облысындағы өртпен алысып жатқанына төртінші тәулік. Өрт аумағы 43 мың гектардан асқан. ТЖМ 10 адам зардап шеккені туралы хабарлады. Бір адам қайтыс болды. Оқиға орнында жедел штаб құрылған. Жедел жағдайды бақылау үшін ТЖ орнына бүгін Мемлекет басшысының өзі келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу