Қостанайдағы өртті сөндіруге атсалысқан әскери қызметшілер бөлімдеріне қайтып оралды

712

Жұмыстарды орындау барысында армиялық авиацияның ұшқыштары жану ошақтарына 65 рет жалпы көлемі 175 мың литрге жуық су шашты. 

 Қостанайдағы өртті сөндіруге атсалысқан әскери қызметшілер бөлімдеріне қайтып оралды

Алғашқы күннен бастап Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, Қостанай облысының дағдарыс ауданында өртті сөндіру мен апаттың одан әрі таралуын болдырмауға елеулі көмек көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Өртке сөндіруге елордадан, "Шығыс" және "Астана" өңірлік қолбасшылықтарынан тиісті әскери мамандар, даярлығы бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан 180-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылды. Олар Әулиекөл ауданының Бағаналы, Озерное және Новонежинка елді мекендерінде жұмыс жүргізді.

Тілсіз жаудың таралуына жол бермеу мақсатында инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері қазаншұңқырлар, орлар мен жер үйінділерін салды. Үйінділерді тазартып, өрт сөндіретін, медициналық және басқа да техникалардың кейбір қиын жерлерден өтуі үшін жолдар да салды. Өртті ауыздықтауға жылдам жүретін траншея, әмбебап жол машиналары, әскери экскаваторлар мен БАТ-М жол төсегіштері тартылды.

Бұдан өзге өрт ауданына материалдық құралдар мен жеке құрамды жіберу үшін әскери-көлік авиациясының ұшақтары жеткізілді. Ми-17 және Ми-171 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарында өрт ауданын барлау, сондай-ақ сыртқы аспада су ағызатын құрылғыларды қолдана отырып, отты тікелей сөндіру жүзеге асырылды. Жұмыстарды орындау барысында армиялық авиацияның ұшқыштары жану ошақтарына 65 рет жалпы көлемі 175 мың литрге жуық су шашты. 

Өңірдегі жағдай тұрақтана бастаған соң өрт сөндіруге жұмылдырылған Қарулы күштер бөлімшелерінің жеке құрамы әскери бөлімдеріне қайтып оралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу