Қостанайдағы Президент резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналады

587

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің жанынан өңірлік резиденцияны одан әрі пайдалану мәселелерін қарастырған жұмыс тобы құрылған болатын.  

Қостанайдағы Президент резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналады Фото: yandex.kz

Қостанайдағы Президент резиденциясы психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған оңалту орталығына беріледі, деп жазады inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа орталықта сауықтыруға және әлеуметтік-оңалту іс-шараларына бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені көрсетілмек. Оңалту мерзімі 14 күннен 21 күнге дейін ұзартылады.

Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту Қостанай облыстық оңалту орталығында ғана жүргізіледі.

"Балалар бөлімшесі 2021 жылдың қыркүйек айында ашылды. Былтыр 191 бала 14 күндік оңалту курсынан өтті. Облыста психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 2 мыңға жуық бала бар", - делінген хабарамада.

Оңалту орталығы оңалту іс-шараларымен қамтуды арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 900 бала оңалтудан өте алады.

Орталықта логопед, дефектолог, реабилитолог жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар массаж, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу де жүргізілмек.

Резиденцияны оңалту орталығына айналдыруға, мүгедек балалар үшін ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған қаражатты жергілікті бюджет есебінен бөлу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу