Қостанайда үш жасар баланың өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

316

Шілде айында Қостанай облыстық Балалар ауруханасында құрсақ қуысындағы магниттерді алу отасы жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Қостанайда үш жасар баланың өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: canva.com

Үш жасар бала отадан кейін көз жұмды.

"Біз баланың асқазаннан жеті магнитті алып тастадық, бірақ үшеуі ішекке түсіп кетті. Емдеу тәсілі бойынша магниттің табиғи жолмен шығуын күту керек. Балаға жүйелер орнатылып, ішек қызметі ынталандырылды. Дегенмен, рентген түсірген кезде магниттердің орнынан қозғалмағаны анықталды. Бір күн бұрын бала өзін жақсы сезініп, қозғалып, ойнап жүрді. Артынша магниттердің ішектің бір бөлігін тесіп, перитонит басталғаны анықталды. Біз магниттерді алып тастадық. Ал, операциядан кейін баланың жүрегі шок салдарынан тоқтап қалды. Сараптама сөзімді дәлелдеп отыр", – деп түсіндіреді аурухананың хирургиялық қызметінің жетекшісі Игорь Белображицкий.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай қаласы бойынша департаментінің қорытындысы бойынша балаға медициналық көмек көрсету кезінде дәрігерлер бірқатар клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын бұзғанын айтты.

Дәрігерлерге қатыстысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу