Қостанайдағы жарылыс: Іздеу жұмыстары аяқталды

242

Жарылыс кезінде үш адам қаза тапты.

Қостанайдағы жарылыс: Іздеу жұмыстары аяқталды Фото: Қостанай таңы

Қостанай облысы, Амангелді елдімекеніндегі жарылыста үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, "Дос" және "Қызыл жарты ай", "Регион 10" еріктілер топтары тартылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 12 адам құтқарылды. Өкінішке орай, үшеуін құтқару мүмкін болмады, деп жазды "Қостанай таңы" газеті.

Облыстық ауруханаға жатқызуға 4 адам жеткізілді. Қалалық ауруханаға 6 адам келді. Медициналық көмек алу үшін 1 адам өз бетінше жүгініп, 1 адам ауруханаға жатқызудан бас тартты. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық қызметтердің барлық кешені көрсетіледі.

7  жеңіл және 5  ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстары зақымданды. Үйінді астынан 6 адам шығарылды, өкінішке орай 3-і қайтыс болды.

Қостанай қ. ПБ ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу