Қостанайдан Ауғанстанға үш жүк пойызы жолға шықты

1123

Қостанайдан Ауғанстанға үш жүк пойызы жолға шықты

Қостанай станциясынан Қостанай-Галаба (Ауғанстан) бағдарына белгіленген бағдармен үш тікелей пойыз жіберілді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Ұн тиелген жылжымалы құрамдар 3257 шақырымды 120 сағатта жүріп өтеді. Аталмыш бағдар "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-ының жылжымалы құрамды тиімді пайдалану жобасы бойынша жүзеге асырылды. Жүк пойыздарының қозғалысы белгіленген кестемен баламалы жолаушылар қозғалысының бағдарымен жүргізілді.

Осы бағдар бойынша бекітілген кестеде пойыздың шығуы мен межелі жерге жетуі аралығындағы барлық ұйымдастыру және технологиялық үдерістер көрсетілген. Ендігі жерде жүк жөнелтушілер жылжымалы шатлл құрамның жіберілген кезін біліп, автоматтандырылған құжаттарды ресімдеу мен келісімді және коммерциялық жұмыстарын автоматты басқару жүйесімен қадағалай алады.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Әділет Айтбектің айтуынша, бұл қадам жүкті белгілі нақты бағдарға жіберу арқылы вагон айналымы мерзімін қысқартып, жүктің сақталуын қамтамасыз етеді. Оның сыртында бағдарда өндірістік емес, локомотив күтіп қалу секілді тоқталу болмайды.

Жоба аясында жүк пойызы Есіл-Сарыағаш-Есіл-Шымкент бағдарына Арқалық-Есіл- Құшмұрын телімдерімен жібереді.

Есіл-Сарыағаш 2044 шақырымды 57 сағатта жүріп өтсе, Есіл-Шымкент бағдарындағы пойыз 1834 шақырымды 53 сағатта жүріп өтті.

"Аталмыш бағдарларды жергілікті астық трейдерлері және ұн кәсіпорындары жоғары бағалады. Технология жүк жөнелтушілерге тасымалдауды ұйымдастыру арқылы экономикалық табыстарға жеткізеді",-дейді Әділет Айтбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу