Қостанайдан Ресейге 60 бас ірі қара жіберілді

975

Қостанайдан Ресейге  60 бас ірі қара жіберілді

Қостанай облысының Қарабалық ауданынан 60 бас ірі қара Ресейдің Орынбор қаласына жіберілді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл – өңірде ет кластерін дамытып, экспортты еселеу жобасы аясында жасалған алғашқы қадам. Аудандағы мал бордақылаумен айналысатын серіктестік енді ай сайын 300 бас ірі қараны тірідей Ресейге жөнелтіп отырады. Ол жөнінде екіжақты келісім бар.

Биыл Қостанай облысынан көрші елге 2 мың тонна ет экспорттау жоспарланып отыр. Әзірге жіберілгені 170 тонна ғана. Алайда мамандар ет кластерін дамыту жобасы жаңа мұмкіндіктерге жол ашады деген пікірде.

"Қазіргі уақытта ветеринарлық құжаттарды рәсімдеу жағы былтырғымен салыстырғанда жеңілдетілген. Мысалы, өткен жылдары кем дегенде бір жұмаға жуық уақыт алатын болса, қазір 3-4 күннің ішінде құжаттарды рәсімдеп, уақытты үнемдей аламыз", - дейді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Асан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу