"Қостанай-2" шағынауданының тұрғыны сапасыз аялдаманың құлап қалғанына шағамданған. Жуырда ғана ескісінің орнына жаңасын орнатқан екен. Қар мен жаңбырдың астында жүретін көпшілік жаңа аялдаманың салынуын үш жыл күткен.
Жергілікті тұрғын Людмила Понкратованың айтуынша, аялдама құлаған сәтте сол жерде адам болмаған. Аялдаманың сапасына жауапты мекемеге шағымданған. Олар темір бағандарды мықтап орнатуға уәде берген. Қазір жұмысшылар аялдаманы жөндеуге кірісті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу