Қостанай облысында барлық көлік түріне жол ашылды

278

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.  

Қостанай облысында барлық көлік түріне жол ашылды

Бүгін сағат 07:00-де Қостанай облысында бірнеше республикалық маңызы бар жолдар ашылып, көлік қозғалысы қайта қалпына келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда:

  •  "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автомобиль жолының 555-683 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Сарыкөл елді мекеніне дейін);
  • "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автомобиль жолының 539-418 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай қаласынан Қарабалық елді мекеніне дейін);
  • "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автомобиль жолының 385-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Рудный қаласына дейін);
  • "Мәмлүт – Қостанай" автомобиль жолының 402-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Ұзынкөл елді мекеніне дейін);
  • "Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы" автомобиль жолының 0-50 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Жетіқара елді мекеніне дейін).

Еске салайық, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу