Қостанайдың қоғамдық көліктері жолақы төлеудің электронды жүйесіне көшеді

1240

Әзірге мұндай құрылғылар қаладағы алты автобусқа сынау үшін орнатылды. Бұл пилоттық жобаға қатысу үшін №3, 5 және 18 бағдардың әрқайсындағы екі автобус таңдалды.

Қостанайдың қоғамдық көліктері жолақы төлеудің электронды жүйесіне көшеді

Қостанай қаласының қоғамдық көліктерінде электронды билет жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайдың қоғамдық көліктері жолақы төлеудің электронды жүйесіне көшеді. Әзірге мұндай құрылғылар қаладағы алты автобусқа сынау үшін орнатылды. Бұл пилоттық жобаға қатысу үшін №3, 5 және 18 бағдардың әрқайсындағы екі автобус таңдалды.

"Валидаторлар жол жүру билетін есептеуге арналған. Карталар іске қосылып, оған виртуалды ақшалар жүктелді. Сол арқылы жолақы төленеді. Күн соңында олар қанша адамның мініп-түскені, қанша төлегені туралы ақпарат алады. Сондай-ақ, жолаушылар деңгейлерге бөлінеді, яғни кімге жолақының тегін, кімнің жеңілдігі бары көрсетіледі", – дейді Қостанай әкімдігінің ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор жетекшісі Нұралы Есіргепов.

Пилоттық жоба сынақтан өткізіліп болған соң, валидаторлар Қостанайдағы барлық қоғамдық көліктерге орнатылады. Әзірше әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде жол жүру билетінің дизайны жасалуда. Белгілісі, олардың бірнеше түрі болады. Атап айтқанда, балаларға арналған билеттер мектептерде таратылады, ал жеңілдігі бар жандарға жолақы картасы әлеуметтік қамтамасыз ету органдары арқылы беріледі.

Еске салсақ, былтыр Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов тұрғындарға есеп беру жиынында қоғамдық көліктерге электронды билет енгізілетінін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу