Қостанай облысында су тасып, Әулиекөл ауданы Көктал ауылындағы тұрғын үйлерді шайып кетті.
Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, желіге салыпты.
Бейнематериалдағы көріністе үй иелері дүние-мүлкін аман алып қалудың бар амалын жасапты. Республикалық төтенше жағдай комитетінің өкілдері бұған дейін Қостанай облысының Қарасу ауданындағы 4 елді мекенді де су басқанын хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу