Қостанайлық диқандар майлы дақыл алқабын ұлғайтпақшы

1218

5,2 млн гектар алқаптың 3,2 млн гектарына бидай егіледі.

Қостанайлық диқандар майлы дақыл алқабын ұлғайтпақшы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі Қостанай облысындағы көктемгі егіс жұмыстары туралы ақпарат жариялады.

"Ағымдағы жылы Қостанай облысында егіс алқабы 5,2 млн га алқапты құрайды.  Жаздық егіс көлемі 4,7 млн. га, оның ішінде 3 млн. 251 мың гектар жерге бидай егіледі. Өңірде егіс алқабының құрылымын әртараптандыру бағдарламасына сәйкес майлы дақылдар егістігі 700 мың га дейін ұлғаяды. Жемдік дақылдар 620,8 мың, ауыл шаруашылығы құрылымдары  4,1 мың гектарға - картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр", – деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Биыл облыста 1,4 млн.га алқапта қар тоқтату жұмыстары жүргізілген. Фермерлердің қорында 528,1 мың тонна тұқым бар. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу