Қостанайлық қария туған ұлынан қорғауды өтініп арызданды

908

Қостанайлық қария туған ұлынан қорғауды өтініп арызданды

Қостанайдың 65 жастағы тұрғыны полицияға 40 жастағы ұлын әкімшілік жазаға тартуды сұрап шағымданды. Ол баласынан зәбір көрген. Бұл туралы alau.kz жазып отыр.

Қарттың айтуынша, өз үйінде ұлы оған дөрекі сөздер айтып, қол жұмсаған. 

"Айыпкер бұған дейін де өткен жылдың наурыз айында отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Дегенмен ол бұл ескертуден сабақ алмады, сонымен қоса осы жолғы әрекеті үшін де өзін кінәлі санамады және еш өкініші жоқ екенін айтты", — дейді прокуратура қызметкерлері. 

Ал қария өз ұлына мүмкіндігінше жаза тағайындауды сұрады. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен тәртіп бұзушы 10 күнге қамауға алынатын болды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу