Қостанайлық кәсіпкер Jusan Business ұйымдастырған акциядан автокөлік жеңіп алды

655

Jusan Business ұйымдастырған "Бизнес үшін автокөлік" акциясы өз мәресіне жетті. Оның жеңімпазы қостанайлық кәсіпкер. Нағыз кәсіпке арналған темір тұлпарға ие болу үшін, Jusan Business интернет-банкинг жүйесінде бірнеше шартты орындау қажет. 

Қостанайлық кәсіпкер Jusan Business ұйымдастырған акциядан автокөлік жеңіп алды

Автокөліктен өзге 56 клиент су жаңа айфон иеленді. 

Jusan Business өткен жылы 14 қарашада басталған акцияны қортындылады. Айта кету керек, "Бизнес үшін автокөлік" науқанына қатысу үшін клиент бес шарттың бірін немесе бірнешеуін орындауы қажет. Оның ішінде шоттар арасындағы аударымдардан бастап, онлайн несие алуға дейін бар. Банк өкілдерінің сөзінше, кәсіпкерлікті қолдау мұнымен тоқтамайды.

"Біздің мақсатымыз  елдегі шағын және орта бизнесті қолдау. Өйткені, экономиканың драйвері  шағын және орта бизнес екені баршамызға белгілі. Отандастарымыздың әрбірінің қолынан кәсіппен айналысу келетініне сенімдіміз. Мұндай акциялар өзінің ғана емес, өзгелердің де жағдайын жақсартуға тер төгіп жүргендерге арналған. Өйткені, кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашады", дейді Jusan Bank Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Шайхысламов. 

Айта кету керек, 8 аптаға созылған науқан аясында әр екі апта сайын iPhone 14 смартфондары ойнатылды. Яғни, 56 жеңімпаз жаңа телефон иеленді. Ал, бас жүлде су жаңа бизнес-шаттл қостанайлық кәсіпкерге бұйырды. Оның сөзінше, Jusan-ды таңдауына цифрлық қызметтердің сан алуандығы сеп болған. Ал, автокөлік жеңгенін естігенде алғашында сенбепті.   

"Менеджер менің жеңімпаз екенімді айтқаннан кейін, әйелім екеуміз екі күн бойы езуіміздегі күлкіні жия алмадық. Эмоцияны жеткізе алмаймын. Өйткені, мен бұған дейін ауқымды дүние жеңіп көрмегем. Бұл мен үшін ғажайып. Жусан банкке алғысым шексіз", дейді "Бизнес үшін автокөлік" акциясының жеңімпазы Сергей Хасанов. 

Банк кәсіпкерлерге арналған өнімдерді әрі қарай дамытуды жалғастыра бермек. Қазіргі уақытта жұмысты жеңілдететін әрі Jusan Business қосымшасында барлық операцияларды орындауға болатын "Онлайн бухгалтерия" өнімі дайындалып жатыр. 

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу