Қостанайлық оқушылар бизнес негіздерін оқитын болады

802

Қостанайлық оқушылар бизнес негіздерін оқитын болады

Қазақстандағы мектеп бағдарламасына "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" атты жаңа пән енгізілді, деп хабарлайды khabar.kz.

Әзірге тәжірибе түрінде ол еліміздегі 16 орта білім ордасында жүргізіледі. Ал келер жылдың қыркүйек айынан барлық мектептерде оқытылады.

Апробацияға ұсынылған білім ошақтарының бірі – Рудный қаласындағы №3 мектеп. Ондағы 10, 11 сынып оқушылары енді кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрене бастайды. Арнайы дайындалған оқулықтар жеткізілді. Онда қор биржасының жұмысы, бағалы қағаздар нарығы сияқты бизнес әлемінен жан-жақты мағлұмат берілген.

"Ол интерактивті пән, яғни 40 пайыз теориядан келетін болса, 15 пайызы – іскерлік кейс, 45 пайызы ойынға берілген. Бұл пән көбінесе ойын ретінде өтеді. Оқушылар екі жылдың ішінде бизнестің пайдалы және маңызды негіздерін ұғады деген ойдамыз. Мұғалімдер жайында айта кететін  болсақ, бұл пәнді гуманитарлық және экономикалық білімі бар мұғалімдер жүргізе алады", - дейді Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Сәния Иментаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу