Қостанайда полицейді ұрып кеткен күдіктілердің кешірім сұраған видеосы тарады деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Наша газета" басылымының жазуынша, желіде Қостанайдағы Береке ықшам ауданында полицейге шабуыл жасаған ер адамдардың кешірім сұрағаны бейнеленген видео таралды. Бейнежазбада күдіктілер болған жайт үшін кешірім сұраған. Видеоның қашан және қандай жағдайда түсірілгені белгісіз, делінген жазбада.
Оқиға 28 наурызда болды. Полицияның мәліметінше, қызметкер кішкентай балаларымен бірге далада жүрген. Тәртіп сақшысы ішімдік ішкен ер адамдарға ескерту жасаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұған жауап ретінде ер адамдар оған күш қолданған.
Қостанай қаласының прокуратурасы бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алғашында күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодекстің 380-бабының 4-бөлігі бойынша сараланған. Кейін іс Қылмыстық кодекстің 380-бабының 6-бөлігі бойынша неғұрлым ауыр бапқа қайта сараланды. Қостанай облыстық соты күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.