Қостанайда тәртіп сақшылары көпірден секірмек болған жас жігітті аман алып қалды, деп жазады inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап.
19 қазан кешке ер адамның Тобыл өзеніндегі үлкен көпірдің қоршауында тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына полиция аға лейтенанттары Жаслан Төлегенов пен Бауыржан Қарасартовтың болған патруль көлігі барды. Патрульдік полиция қызметкерлері жігіттің көпірден құлап кетуіне жол бермес үшін барлық шараны жасап, оны құтқарып қалған.
Қостанай облысының Полиция департаменті тәртіп сақшыларының жас мамандар екенін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу