Қостанайлық шаруа жайылым жоқтығынан малын етке өткізбек

1030

Жайылым жерлердің болмауынан шаруалар жұмыссыз қалуы мүмкін.    

Қостанайлық шаруа жайылым жоқтығынан малын етке өткізбек

Қостанайлық шаруалар жайылым жердің жоқтығына шағымдана бастады және бұл мәселе жыл өткен сайын ушығып келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әсіресе, облыс орталығына жақын  орналасқан қожалықтарға қиын тиюде. Мәселен, Александровка ауылының тұрғыны Әлім Ақбаев "Ырыс" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 миллион теңгеге 12 бас сиыр сатып алған. Артынша, ауыл шаруашылығы коопертивіне тіркеліп, ірі қара малды көбейтумен айналыспақ болыпты. Алайда, малды жеммен қамтамасыз ету жағынан қиын болатынын түсінген. Себебі, жайылым жерлер жеткіліксіз.

Қазіргі таңда Александровкада 1000 бас қара мал бар, бірақ оларды асырап, қоректендіру мәселесі мәз емес. Көктем шыққанда фермер несиені төлеу үшін өз малының бір бөлігін мәжбүрлі түрде сатқан. Ал бұл отбасылық кәсіпке айтарлықтай зардап келтірген. Енді қожалық иесі бүкіл малын етке өткізуді ойлауда. Ауыл округінің әкімдігі шаруалардың сөзін растап отыр. Олардың айтуынша, жерлердің барлығын егін алқаптары мен бақтар алып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу