"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сот алқасының төрағасы А.Х. Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп жазылған хабарламада.
41 жастағы судья осы жылдың 17 тамызында ұсталған болатын.
БАҚ-та айтылғандай, күдіктіні ұстау операциясына ҰҚК және Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қатысқан.
ҰҚК Тергеу департаменті "ірі көлемде пара алу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.