Қостанайлық тасымалдаушыларға автобустар сатып алу үшін субсидия бөлінеді

489

Өткен жылы субсидиялар төлеу 60% көлемінде болды. Мәселен, автобсутар паркі ескірген, ал жаңасын сатып алу үшін операторларда айтарлықтай қаражат жоқ.  

Қостанайлық тасымалдаушыларға автобустар сатып алу үшін субсидия бөлінеді Фото: gov.kz

Осыған байланысты жергілікті Антикор, Кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесіп жолаушылар тасымалы мәселесін талқылау бойынша автоөнеркәсіп басшыларымен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Отырыс қорытындысы бойынша қалалық әкімдік өзіне кепілгердің міндеттемелерін жүктеуді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде сатып алынатын техника үшін автобустардың жалпы құнының 20% мөлшерінде аванс енгізуді және отандық өндірісте 54 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдау үшін субсидиялар жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдауға бекітілген тариф арасындағы айырманың 80% мөлшерінде төленетін болады.

Жергілікті атқарушы органдарының қатысуынсыз автобустарды сатып алған және аванстық жарнаны өз бетінше енгізген жағдайда субсидиялар тасымалдаушыларға толық 100% көлемде төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу