Қостанайлықтар бірлік мейрамын тойлауды бастап кетті

691

Қостанайлықтар бірлік мейрамын тойлауды бастап кетті

Бейбіт елдің әр күні мереке. Қостанайда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері бірлік мейрамын атап өтуді бастап кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Басты мақсат – халықтар достығын нығайтып, сол арқылы ұлттық құндылықты құрметтеу және еліміздің меймандос пейілін көрсету. Татулықтың айғағы іспетті ақшаңқан алты киіз үй тігілді. Онда көпұлтты Қазақстанды мекендеген халықтардың салт-дәстүрі көрініс тауып, дастарханға ұлттық тағамдар қойылды.

"Біз мысалы Корей диаспорасын ұсынып отырмыз. Бұл біздің мемлекетіміздің көпұлтты екенін көрсетіп отыр. Қазақстан қонақжай, бейбіт өмір сүріп жатқан мемлекет", – дейді мекеме қызметкері Мөлдір Досмағанбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу