Костенко атындағы шахтада жағдай тұрақтанды

981

Костенко атындағы шахтада жағдай тұрақтанды

Костенко атындағы шахтадағы жағдай тұрақтанды, жану процесі тоқтатылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Апаттық учаскеге келіп түскен ауаны қысқарту есебінен осы нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта жану ошағын толық оқшаулау үшін жарылысқа төзімді бөгет орнату жүргізілуде.

Жер асты жұмыстарына Костенко атындағы шахтаның 50 қызметкері мен 20-ға жуық құтқарушысы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызға қараған түні кен орнының 500 метр тереңдігінде орналасқан желдеткіш учаскесінде өрт шыққан болатын. 

Жарылысқа төзімді бөгеттен басқа кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің (КӘАҚҚ) қызметкерлері, сондай-ақ апат орнында газ-ауа ортасын бақылауға мүмкіндік беретін екі бақылау станциясын орнатты. КӘАҚҚ және Костенко атындағы шахта мамандарының бірлескен күш-жігерімен жану ошағы учаскесіне ішінара су құю үшін техникалық ұңғымаларды бұрғылау жүргізіледі.

Костенко атындағы шахтада қажетті техникалық іс-шаралар жүргізу кезінде осы кәсіпорынның жарты бөлігі (546 адам) "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің басқа объектілеріне ауыстырылды. Ал 282 адам сырқат және кезекті демалыста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу