Қарағандыда 46 кеншінің өліміне себеп болған Костенко атындағы шахтада болған жарылыстың салдары әлі жойыла қойған жоқ. Қайғылы оқиға қайталанбауы үшін шахтада жұмыс тоқтап тұр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Шахтаның қазіргі жай-күйімен танысу үшін Qarmet басшылығы мен қызметкерлерінің тобы апат болған жақын жерге барып 600 метрден астам тереңдікке түсті.
"Шахта директоры Андрей Бойко кешенде жүргізілген тексерулердің қорытындылары, болған жағдайдың себеп-салдарын жою бойынша жоспарланған жұмыстар, көмір өндіруді қайта бастау перспективалары туралы баяндады. Qarmet басшылығы Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің басшылығымен жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда қайғылы оқиғаның қайталануының кез келген ықтимал факторлары жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, компания қажетті орындау құралдары көмір департаментінің инженерлері үшін қол жетімді екенін атап өтті.