Жұмыс тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.
Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.