Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы белгілі болды

561

Бұл туралы Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Костенко шахтасында зардап шеккен кеншілердің жағдайы белгілі болды Фото: canva.com

Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханаларға 18 зардап шегуші жеткізілген.

Барлығына білікті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

"Көміртегі тотығымен уланған 15 адам Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада ("Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданы). Бір науқас ауыр дәрежелі көміртегі тотығымен уланған, қалғандары – жеңіл және орташа дәреже. Зардап шеккендердің барлығы токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Тағы 2 адам Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада ("Михайловка" шағын ауданы) жатыр. Біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, екіншісі отадан кейін травматология бөлімшесіне жатқызылды. Барлығы 17 адам ауруханаға жатқызылды, 1 адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 16 адамға жеткенін жазған болатынбыз. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу