Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі 30 қазан күні таңертең табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы жергілікті журналист Айнұр Балакешова марқұм кеншінің туыстарына сілтеме жасап хабарлады.
Оның денесі 30 қазан күні таңертең табылды. Сергей Киселев Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің соңғысы болды.
Айта кетейік, бұған дейін құтқарушылар Костенко шахтасында қаза тапқан 45 кеншінің денесін тапты. Жұмыс бір-бірінен шамамен алты шақырым қашықтықта орналасқан екі тау-кен учаскесінің аймағында жүргізілді. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов апаттың болжамды ошағын тексеру үшін шахтаға түсті.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қайғылы оқиға 28 қазанға қараған түні – 02:33-те болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалды, іздеу тәулік бойы жалғасты.