Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

184

Апат 2023 жылдың қазанында болған еді.

Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды Фото: gov.kz

Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен  Костенко шахтасында 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық істі тергеуді аяқталды. 10 күдіктіге қатысты сотқа жіберілді. Олар Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталып отыр", – деп жазды Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде.

Айта кету керек, Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан 46 кеншінің аты-жөнін жариялағанбыз. Оқиға 2023 жылдың 28 қазанында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу