Костенко шахтасындағы жарылыс: тоғыз кенші әлі ауруханада жатыр

304

Дәрігерлер олардың жағдайын жақсы деп бағалап отыр. 

 Костенко шахтасындағы жарылыс: тоғыз кенші әлі ауруханада жатыр Фото: Inbusiness.kz

Қарағандыда Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тоғыз кенші ауруханада ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Бүгін ауруханада тоғыз кенші қалды. Қалғандары шығарылды. Барлығының жағдайы жақсы", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 28 қазанда өрттен кейін Костенко АМТ шахтасында жарылыс болды. Соққы толқынының таралу диапазоны екі шақырымнан астам болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы қайтыс болған.

Жарылыстан кейін 30-ға жуық кенші Қарағанды облысындағы ауруханаларға жеткізілді. Оларға жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газбен улану, бас миының шайқалу, түрлі сынықтар, травматикалық шок, контузия және өкпенің құлауы диагноздары қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу