Қосылған құн салығы 12,2 млрд теңгеге өсті

1237

Өткен жылы мемлекеттік кірістер органдары 11,4 мың салықтық тексеру жүргізді. 

Қосылған құн салығы 12,2 млрд теңгеге өсті

Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,6 есе аз. Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай айтты, деп деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қашықтан бақылаудың жаңа әдістері енгізілді. Бұл нақты тауары жоқ мәмілелер мен қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша схемаларға қатысатын тәуекелі жоғары компанияларды онлайн режимде анықтауға мүмкіндік берді", – деді министр. 

Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, "Қазынашылық сүйемелдеу" жобасына қатысушылар бойынша төленген салық көлемі 24%-ға өсіп, 2020 жылы 202 млрд теңгені құрады. 

"Өткен жылы Қытай Халық Республикасының экспорты – Қазақстан Республикасының импорты бағытындағы статистикалық деректердегі айырмашылық 45%-ға дейін төмендеді. Кедендік тексерулердің тиімділігі артып, қосымша 25 млрд теңге түсті. Әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және адами факторды болдырмау мақсатында "Экспорттық бақылау" модулі іске қосылды және навигациялық пломбаларды пайдалану басталды. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен қосылған құн салығы 12,2 млрд теңгеге өсті және бірінші рет үшінші елдерден келетін импорттан түскен түсімнен 34 млрд теңге артық болды", – қаржы министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу